Site Loader

Ток күші — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ток күші. Амперметр — Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі. Көлденең қимасының ауданы S өткізгіште электр өрісінің әсерінен кейін заряд тасымалдаушылар қандай да бір жылдамдықпен қозғалады деп алайық. Барлық заряд тасымалдаушылардың қозғалысы реттелген болғандықтан, өткізгіш бойымен электр тогы жүреді. Бұл кезде әр секунд сайын өткізгіштің кез келген қимасы арқылы электр мөлшері деп аталатын қандай да бір заряд өтеді. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды: I=q/t. Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ток күші ампермен (А) өрнектеледі: 1А=1КЛ/1с 1ампер = (1Кулон/(1 секунд)). Ампер — негізгі бірліктердің бірі. Оны тәжірибе жүзінде тогы бар екі параллель өткізгіштің өзара әрекеттесуі күштері бойынша анықтаған француз ғалымы А.Ампердің құрметіне осылай атаған. 1 ампер — вакуумде бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты тоқ күші. Мұндай тоқ ұзындығы 1 м өткізгіштердің әрбір кесіндісінде 2*10-7 Н-ға тең өзара ірекеттесу күшін тудырады. Әлсіз және күшті тоқтарды өлшеу үшін тоқ күшінің үлестік және еселік бірліктерін қолданады: 1 мА= 10-3 А; 1 мкА= 10-6А; 1кА =103А. Біздің үйіміздің жарықтандыруға қолданатын қыздыру шамдарының ток күші, олардың қуатына сәйкес 7-ден 400 мА-ге дейін болады. 1А ток күші адам өміріне қауіпті. 1А ток күшінің бірлігі арқылы электр зарядының бірлігі немесе 1Кл электр мөлшері анықталады. I=q/t болғандықтан, q=It. I=1A, t=1c деп алып, электр зарядының бірлігін аламыз: 1Кл=1А*1с. 1Кл ток күші 1А болғанда 1с уақыт аралығында өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр зарядына тең. Ток күші өлшейтін құралды амперметр деп атайды. Амперметрдің шартты белгісі.-А-. Амперметрді ток күшін өлшейтін құралмен тізбекпен қосады. Амперметрде екі қысқыш бар: «+», «-«. : «+» қысқышын ток көзінің оң полюсінен келетін өткізгішпен жалғайды.

Электр тогы — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Электр тогы – электр қозғаушы күштің әсерінен зарядтардың (зарядталған бөлшектер немесе дене) бағытталған қозғалысы.


Зарядталған бөлшектер: өткізгіштерде — электрондар, электролиттерде —иондар (катиондар мен аниондар), газда —иондар мен электрондар, арнайы жағдайдағы вакуумда — электрондар, жартылай өткізгіштерде —электрондар мен кемтіктер (электронды-кемтіктік өтімділік) болып табылады.

Электр тогы энергетика саласында — энергияны алыс қашықтыққа жеткізу үшін, ал телекоммуникация саласында — ақпаратты шалғайға тасымалдау үшін қолданылады.

Сипаттамалар[өңдеу]

Электр тогының бағыты шартты түрде өткізгіштердегі оң заряд тасушылардың орын ауыстыру бағыты алынады, бірақ өткізгіштердегі заряд тасушылардың заряды теріс (мысалы, металда электрон) болғандықтан ток бағыты электрондардың бағытына қарсы келеді. Электр тогы өткізгіш бойымен

спиральді қозғалады.

Токтың тұрақты ток (ағылш. direct current, DC) және айнымалы ток (ағылш. alternating current, AC) деп аталатын екі түрі бар.

  • Тұрақты ток — уақыт бойынша бағыты және шамасы өзгермейді. Тұрақты ток көздері: аккумуляторлар, батареялар. Электрондар тан + ағылады.
2-сурет. Айнымалы ток тербелісі 3-сурет. Периодты i(t) айнымалы токтың графигі
  • Айнымалы ток — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсіндіріледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.

Ток күші (және кернеу) өзгерісі (тербеліс) қайталанатын уақыттың (секундтпен берілген) ең қысқа аралығы период (Т) деп аталады (3-сурет). Айнымалы токтың тағы бір маңызды сипаттамасы — жиілік (ƒ). Уақыт бірлігінде жасалған периодтар саны жиілік деп аталады. Айнымалы ток жоғарғы жиілікте өткізгіш сыртына ығыстырылады, бұл скин-эффект құбылысы деп аталады.

Э. т. физ. табиғатына қарай өткізгіштік Э. т. (электр өрісінің әсерінен өткізгіште не шала өткізгіште пайда болатын ток тасушылардың реттелген қозғалысы), конвекциялық Э. т. (электрлік өткізгіштігі болмайтын ортадағы не вакуумдағы зарядталған бөлшектер мен денелердің қозғалысы), поляризациялық Э. т. (диэлектриктегі поляризациялық өзгеруі нәтижесінде ондағы байланысқан зарядталған бөлшектердің қозғалысы) болып бөлінеді. Э. т-ның өлшеуішіне ток күші және ток тығыздығы алынады. Э. т. магнит өрісінің көзі болып есептеледі. Магнит өрісін қарастырған жағдайда Э. т.: макроскопиялық ток (өткізгіштік және конвекц. Э. т.), молекулалық ток (ортаны құрайтын атом, молекула және иондардағы электрондардың қозғалысына сәйкес келетін микротоктар; ығысу тогы) болып ажыратылады.

Дереккөздер[өңдеу]

Электр тогы. Ток көздері. Ток күші. Амперметр бойынша сабақ жоспары, Төреханов Самат Рахматуллаұлы

Сабақтың мазмұны

Ұйымдастыру

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Уақыт

Сәлемдеседі, түгендейді, топқа бөледі.

Сәлемдеседі, топтарға бөлінеді.

 –

Бағалау критерийі

3 минут

Білу

Үй тапсырмасын пысықтайды.

Сайттағы тест жұмыстарын береді.

Компьютерді қолдана отырып, берілген сайттағы тест жұмыстарын орындайды.

Критериалдық бағалау жүйесі арқылы ұпай жинақтайды.

https://bilimland.kz/kk#

lesson=11024

10 минут

Түсіну

Бейнероликті көрсетеді.

abpbrf "

Бейнероликті көре отырып,жаңа сабақтың тақырыбын ашады, мағынасын түсінеді, тест тапсырмасын орындайды.

 физика 3

Критериалдық бағалау жүйесі арқылы ұпай жинақтайды.

білімленд

 

 

 

https://bilimland.kz/kk

#lesson=11037

5 минут

Қолдану

 Бейнероликті көрсетеді.

физика 2

Бейнероликті көре отырып,электр тізбегін құрып, схемасын сызады. Амперметрді тізбектей жалғап, тізбектегі ток күшін өлшейді.

физика 4

Өзін-өзі,

топты бағалайды.

https://bilimland.kz/kk

#lesson=11037

 

https://itest.kz/kz/exam_test?test_id=131640898

айтест


10 минут

Талдау

Жаңа тақырыпқа тиісті жаттығудың әр топқа 1, 2, 3, 4 есептерін орындатады.

Есептерді өз бетінше шығарады.

Жинақтаған ұпайлары бойынша.

Есептер жинағы, калькулятор.

5 минут

Жинақтау

Тақырыпқа байланысты өз ойларын постерге салады, оны қорғатады.

Постер жасайды, қорғайды.

Жинақтаған ұпайлары бойынша.

А2, А3

форматтағы қағаздар.

5 минут

Бағалау

bilimland.kz сайтындағы тест жұмысын орындатады.

 

Tест жұмыстарын орындайды.

 

Жинақтаған ұпайлары бойынша.

https://bilimland.kz/kk

#lesson=11037

5 минут

Үйге тапсырма

§37, §38.

 

Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.

Жинақтаған ұпайлары

бойынша.

https://bilimland.kz/kk#

lesson=11037

https://itest.kz

2 минут

Ток күші. Амперметр — Физика — Bilim

Ток күші. Амперметр

Сабақтың тақырыбы: §38. Ток күші.Амперметр.Сынып: 8А

Пәні: физика

Мұғалім: Нұрғазиева Жазира

№22 мектеп, Қарабұлақ ауылы

   

     Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға ток күші, анықтамасы, өлшем бірлігі, өлшейтін құралы жайлы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Ток күші, және өлшейтін құралды түсіндіре  отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, дамыту

3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу.

 

    Сабақтың типі: Аралас сабақ

    Сабақтың түрі: дәстүрлі

   Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, түсіндіру,есептер шығару.

   Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сематикалық карталар,үлестірме карточкалар,амперметр,ток көзі, кілт, сымдар,шам.

Пән аралық байланысматематика,  сызу

 

   Сабақтың барысы:

 

I.Ұйымдастыру кезеңі:   Әк1 а) Сәлемдесу,түгелдеу.

                                     б)Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.

                                  в)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

                                                      с)«Қар лақтыру» әдісі

 

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру кезеңі:   Әк2 – Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы сұрақтар беремін.

1. Электр тогы дегеніміз не?

2. Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарды ата.

3.Токтың жылулық әрекетіне қандай аспаптар жатады?

4. “Электр қозғаушы күші” дегеніміз не?

(өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз)

5. Өткізгіштегі электр тогын оның өткізгішке тигізетін әрекеттерін ата.

6. Қандай ток көздерін білесің және олардың шартты белгісін сыз.

7. Электрометрмен нені өлшейді?

8. “Электр тогы” түсінігін алғаш рет кім енгізді?

9.Гальвани элементінің шартты белгісін сызып көрсет.

10.Ток ұру дегеніміз не?

 

 

 

 

  ІІІ. Білімін тексеру кезеңі:  Әк3 – Оқушылар сематикалық картадағы физикалық шамалардың формулалары мен өлшем бірліктерін толтырып шығады.

 

 

Жауабы:

Шама аты

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

 Сыйымдылық

С

 C=q/U

 Ф(Фарад)

 Заряд

q

 q=CU

 К(Кулон)

 Жұмыс

А

 A=qU

 Дж(джоуль)

 Кернеулік

Е

 E=F/q

 В(Волть)

 Кернеу

U

 U=A/q

 В(Волть)

 Кулон заңы

F

 F=k*q1*q2/Ԑr2

 Н(Ньютон)

 

IV. Мақсат қою кезеңі:  Әк4 – оқушылар білуі,үйренуі тиіс.

  • Ток күшінің тұжырымдалуын;
  • Ток күшінің формуласы мен өлшем бірлігін;
  • Ток күшінің үлестік және еселік бірліктерін;
  • Ток күшін өмірмен байланыстыра білуі;
  • Ток күшін өлшейтін құралды білуі;

V. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі: Әк5 Оқушылар осы тақырыпты өздері оқи отырып ,бір-біріне түсіндіреді. «Джигсо әдісі». Оқушылар түсіндіріп болғаннан соң өзім толықтырып өтемін.

  Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі. 

Көлденең қимасының ауданы S өткізгіште электр өрісінің әсерінен еркін заряд тасымалдаушылар қандай да бір жылдамдықпен қозғалады деп алайық. Барлық заряд тасымалдаушылардың қозғалысы реттелген болғандықтан,өткізгіш бойымен электр тогы жүреді.Бұл кезде  әр секунд сайын өткізгіштің кез келген  қимасы арқылы электр мөлшері деп аталатын  қандай да бір  заряд өтеді.
 Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атаймыз:

 

                                                                             q=It;         t=q/I;

 

Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші ампермен (А) өрнектеледі.Француз ғалымы А.Ампердің құрметіне алынған.

                              1А=1Кл/с


 1 ампер – вакуумде бір – бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты ток күші. Мұндай ток ұзындығы өткізгіштердің әрбір кесіндісінде 2*10-7Н-ға тең өзара әрекеттесу күшін тудырады.

  Әлсіз және күшті токтарды өлшеу үшін ток күшінің  үлестік және еселік бірліктерін

қолданады:

1 мА = 10-3А
1 мкА = 10-6А
1кА = 103А

Ток күшін өлшейтін құралды амперметр деп атайды.

 

Амперметрдің шартты белгісі         А                         

 

Амперметрдің екі қысқышы бар: «+», «-». «+»қысқышын  ток көзінің оң полюсінен келетін өткізгішпен жалғайды.

VI.Сабақты бекіту кезеңі: Әк6 – Оқушыларға үлестірмелі карточкалар арқылы есептер мен сұрақтар беріледі.

1. Мөлшері 2000 мА, 100 мА, 5кА, 3кА болатын ток күшін ампермен өрнектеп көрсетіңдер.
Жауабы: 2000 мА = 2 А, 100 мА = 0,1 А, 5 кА =5000А, 3кА = 3000 А
 2. Қыздыру шамы арқылы 0,4 А ток өтеді. Бір секундта шамның көлденең қимасы арқылы еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен?

3. Ток күші 0,5 А болғанда, 20 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?

4. Ток күшінің формуласы?

5. Ток күшін  қандай әріппен белгілейміз?

6. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 минут сайын 42 Кл-ға тең электр заряды өткен кездегі өткізгіштегі ток күшін есептеңдер.

7. Ток күші 0,5 А болғанда 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады?

8. 1 сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?

9.Ток күшін өлшейтін құралды  құралды қалай атайды?

10 .Тізбекке 2 минут қосылған,ток күші 12 мА гальвонометр катушкасына қанша мөлшерде электр заряды өтеді?

VII. Жаңа сабақтан түсінігін тексеру: Әк7 – Амперметрді ток көзіне тізбектей жалғайды.

V III. Үйге  тапсырма:

 §38. Ток күші. Амперметр,оқу,түсінік айту.

      А.Ампер өмірбаянына реферат жазу.

Оқушыларды бағалау.


Электр тогы. Ток күші — Физика — Bilim

Электр тогы. Ток күші

Ақтау қаласы
Маңғыстау политехникалық колледжінің
Физика пәнінің оқытушысы: Курашева Гульзира Ергалиевна

Cабақтың тақырыбы: Электр тогы. Ток күші.
Электр энергиясы көзінің электр қозғаушы күші.
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Сабақтың мақсаты: Электр тогы туралы толық мағлұмат беру. Электр тогы бар болуы үшін қажетті шарттарды сызбанұсқа арқылы түсіндіру. Ом заңын тұжырымдау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық, есептер жинағы.

Сабақтың жүрісі:   

 — Ұйымдастыру
 — Үй тапсырмасын тексеру
 — Үй тапсырмасын қорыту
 — Жаңа сабақ түсіндіру.

Оқушыларды түгендеу. Үй тапсырмасын сұрау.

1)    Элементар заряд деген не?
2)    Электр зарядының сақталу заңын тұжырымдаңдар.
3)    Бүкіләлемдік тартылыс заңы мен Кулон заңының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
4)    Кулон заңындағы к коэффициенті неге тең?
5)    Электростатикалық өрістің негігі қасиеттерін атаңдар.
6)    Металл өткізгіш ішіндегі еркін зарядтар қайдан келген?
7)    Потенциалға анықтама беріңдер.
8)    Потенциал айырмасы электр өрісі кернеулігімен қалай байланысқан?
9)    Электр сыйымдылығы дегеніміз не?
10)  Конденсатор дегеніміз не және оның түрлері қандай?

Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогыдеп аталады.

Электр тоғының белгілі бір бағыты болады. Тоқтың бағытына оң зарядталған бөлшектердің қозғалыс бағыты алынады.

Затта тұрақты электр тогы пайда болуы және жүріп тұруы үшін, біріншіден, еркін зарядталған бөлшектер бар болуы қажетті.

Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысын тудыру үшін және оны әрі қарай демеп тұру үшін, екіншіден, оларға белгілі бір бағытта әсер ететін күш қажетті.

Зарядталған бөлшектерге электр өрісі F = qE күшпен әсер ететіні белгілі. Әдетте, зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысын тудырушы және оны демеп тұруға себепші болатын да өткізгіштің ішіндегі сол электр өрісі.

Егер өткізгіштің ішінде электр өрісі болса, онда  формулаға сәйкес өткізгіш ұштарының арасында потенциалдар айырмасы болады.

Бұл шарттардың орындалуы үшін электр тізбегі құрылады. Электр тізбегінің негізгі бөлігіне ток көзі, жалғағыш сымдар, тізбекті қосып ажырататын элементтер, ток тұтынушылар жатады. Тізбек элементінің бойымен өткен токтың жылулық, химиялық және магниттік әрекеті болады. 

Тоқтың әрекетін бағалау үшін ток күші деп аталатын физикалық шама енгізілген. I ток күші деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай ∆q заряд өтетінін көрсететін физикалық шаманы айтады, яғни:

Ток күші ампермен өлшенеді [ I ] = A.

Егер ток күші мен оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалса, онда электр тогы тұрақты электр тогы деп аталады. Тұрақты ток үшін

j Tок тығыздығы – электр тогын сипаттау үшін өткізгіштің бірлік қимасынан қандай ток өтетінін көрсететін шама.

Ток тығыздығының өлшем бірлігі .

Электр кернеуі – бірлік электр зарядының орын ауыстыру бойымен электр өрісінің атқаратын жұмысымен анықталатын физикалық шама:

Тұйық контурдағы электр қозғаушы күш контурдың бойымен зарядтың орын ауыстыруындағы бөгде күштердің жұмысының сол зарядқа қатынасын көрсетеді:

Электр қозғаушы күшті вольтпен өрнектейді.

Өткізгіш кедергісі  (Оммен өлшенеді)

Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы бойынша ток күші түсірілген U кернеуге тура пропорционал да, өткізгіштің R кедергісіне кері пропорционал.

Бұл қатынас толық тізбек үшін Ом заңының математикалық өрнегі.

  Бұл құбылыс қысқа тұйықталу деп аталады. Қысқа тұйықталу кезінде тізбектегі ток күші ең үлкен мәнге ие болады.

Жаңа сабақты бекіту:

18-жаттығу (2)

ЭҚК-і 24В болатын ток көзінің қысқыштарына вольтметрді жалғағанда, ол 18 В кернеуді көрсетеді. Егер сыртқы тізбектің кедергісі 9 Ом болса, тізбектегі токтың шамасын және энергия көзінің кедергісін табыңдар.


Ашық сабақ «Ток күші. Электр қозғаушы күш»

Білімділік: Студенттердің ток күші, электр кернеуі мен кедергісі, электр қозғаушы күш ұғымдарын түсінуге ықпал жасап, олардың бір – бірінен айырмашылықтары жайлы түсінік беру.

Дамутышылық: Электр тізбегін жинауға, тез есептеуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа баулу және оқушының қисын талғамын арттырып, өз ойларын сауатты қорытындылай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Физикалық тұрғыда ойлануға, өзін — өзі басқаруға, оқу және еңбек дағдыларын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

А) Электр тогының пайда болуы туралы біледі.

В) Тізбек бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңын сипаттай алады.

С) Электр тогы, тізбек бөлігі үшін және толық тізбек үшін Ом заңы бойынша формуласын есептер шығарғанда қолдана алады.

Сабақтың типіжаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түріойын сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, тәжірибе жасау, есептер шығару, ізденушілік және т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, суреттер, электр құралдарының суреттері, шар және т.б.

Пән аралық байланыс: математика, әдебиет, тарих, ағылшын

Сабақ жоспары

  1. Ұйымдастыру (10 мин.)

  2. «Талап» (Ғалымдар жайлы ақпарат және олардың еңбектеріне шолу) 6 мин – 2 алма (балл)

  3. «Еңбек» («сәйкестендіру» кестесі) 10 мин — 3 алма (балл)

  4. «Терең ой» (тәжірибе жасау) 15 мин – 2 алма (балл)

  5. Сергіту сәті 5 мин

  6. «Қанағат» (есеп шығару) 10 мин – 2 алма (балл)

  7. «Рахым» (Кластер әдісі) 10 мин – 2 алма (балл)

  8. Кері байланыс 3 мин

  9. Бағалау (2 мин.)

  10. Үйге тапсырма беру (1 мин.)

  11. Қорытынды (3 мин.)

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. (10 мин)

Сәлемдесу. Студенттердің назарын сабаққа аудару. Бір — бірлеріне сәттілік тілеу.

Оқытушы: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңіл – күймен өткізелік. (Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтып өту.)

Оқытушы: Кім физиканы жақсы көреді, мені ұқыпты тыңдаңыздар. Кеше колледжге құпия хат келді. Кімнен? Әзірше құпия! Онда не жазылған екен, кәне тыңдайық:

«О, аса құрметті және ақылды жан достарым! Өте ертеде сіздердің колледждеріңе мен өте бағалы сусын жасырған едім. Кімде кім оны тауып алып, ең болмағанда бір тамшысын ішетін болса, сол адам өмір бойына сергек те жайдары, күшті де қуатты, күні бойына өзін зарядталған, энергияға толы сезінеді. Мен сіздерге сол сусынның қайда жасырылғанын айтпас бұрын, сендерге қояр шартым бар. Қазір сендерге сандық әкеледі. Сол сандықта арнайы тапсырмалар мен сол тапсырмаларға берілетін ұпайлар бар. Менің конвертке салынған сиқырлы қағазымдағы физикалық тапсырмаларды толық орындасаңдар және тиісті ұпай санын жинасаңдар, сусынның қай жерде жасырылғанын айтамын. Қиындықтан қорықпаңыздар, менің жас достарым! Алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында сіздерге физикадан алған білімдеріңіз кемектеседі».

Оқытушы: міне, студенттер, бізге құпия хаттың сыры осы. Хаттағы сусынның қай жерге тұрғанын табу үшін, қане іске кірісейік. Ол үшін Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін айтып көрейік.

Ток күші тобы:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.

Кернеу тобы:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз
Өсек, өтірік,мақтаншақ
Еріншек бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз

Кедергі тобы:
Талап, еңбек,терең-ой,
Қанағат, рахым ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.

Олай болса осы өлеңнің ішінен бес асыл іс сөзін сабағымның бағыты етіп аламын.


1. Талап (Ғалымдар жайлы ақпарат және олардың еңбектеріне шолу)
2. Еңбек («сәйкестендіру» кестесі)
3. Терең ой (тәжірибе жасау)
4. Қанағат (есеп шығару)
5. Рахым (Кластер әдісі)

Осы тапсырмаларды орындау арқылы сіздер жасырынған сусынды таба аласыздар. Ендеше бірінші тапсырмамызға көшейік.

  1. «Талап» бағыты бойынша (үй тапсырмасы) 6 мин. (2 алма)

Ток күші тобына – Андре Мари Ампер (қысқаша өмір баяны)

Кернеу тобына – Алессандро Вольт (қысқаша өмір баяны)

Кедергі тобына — Георг Симон Ом (қысқаша өмір баяны)

Үй тапсырмасына мен сендерге топ атауларыңа байланысты ғалымдар жайлы ақпарат және олардың еңбектеріне шығармашылық тұрғыда көрсетулеріңізді сұраған едім. Шығармашылық тұрғыда өлең шығару, ертегі құру, қойылым жасау, би билеу сияқты. Екі топ бірлесуге де болады.

2. Еңбек бағыты бойынша «Сәйкестендіру» кестесі. Топтық жұмыс 10 мин (3 балл)

І. Өз орнын таба біл — Ток күші тобына

Аты

Формула

1

Ток күші

А) 

2

Ток тығыздығы

Ә) 

3

Электр кернеуі

Б) 

4

ЭҚК

В) 

5

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Г) 

6

Өткізгіш кедергісі

Д) 

7

Меншікті кедергі

Е) 

8

Кедергінің температураға сызықты тәуелділігі

Ж) 

9

Өткізгіш қимасының ауданы

З) 

10

Өткізгіш ұзындығы

И) 

ІІ. Кестені толтыр, формула атауларын жаз – Кернеу тобына

Аты

Формула

1

Электр кернеуі

А) 

2

Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

Ә) 

3

Ток тығыздығы

Б) 

4

Өткізгіш кедергісі

В) 

5

Өткізгіш ұзындығы

Г) 

6

Ток күші

Д) 

7

Өткізгіш қимасының ауданы

Е) 

8

Кедергінің температураға сызықты тәуелділігі

Ж) 

9

Меншікті кедергі

З) 

10

ЭҚК

И) 

ІІІ. Шартты белгілердің атаулары — Кедергі тобына

р/с

Шартты белгілердің атауы

Шартты белгілер

1

Өткізгіш сымдар

2

Гальвани элементі

3

Кедергі (тұтынушы)

4

Кілт

5

Қысқыштар

6

Амперметр

7

Вольтметр

8

Аккумлятор, батарея

9

Қыздыру шамы

10

Қосылған сымдардың түйісуі

Сұраққа қосымша жауап беріңіздерші.

  1. Ток күші дегеніміз не? Формуласы мен өлшем бірлігі

  2. Электр қозғаушы күш дегеніміз не? Формуласы мен өлшем бірлігі

3. «Терең ой» бағыты бойынша тәжірибелер жасау. 15 мин (2 балл)

Ток күші тобы – қарапайым электр тізбегін жинайды, яғни тек амперметр ғана беріледі.

Кернеу тобы – амперметр мен вольтметр берілген кездегі электр тізбегін жинайды.

Кедергі тобы – екі вольтметр берілсе, оларды тізбектей жалғау.

Оқытушы: Студенттер енді танымдық әрі қызықты тәжірибелер жасап көрелік. 5 мин.

Ток күші тобынан бір студент шығады. Тапсырма: Кәдімгі үрленген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? (шар электрленеді)

  1. Кернеу тобынан бір студент шығады. Тапсырма: Үрленіп жіпке байланған 2 шарды газетпен үйкеп — үйкеп жақындатпаймыз. Олар бір — біріне тебеді, неліктен? (аттас зарядтар тебіледі)

  2. Кедергі тобынан бір студент шығады. Тапсырма: Бір шарды газетпен үйкелеп, ал екіншісін жүнмен үйкеп оларды бір — біріне жақындатайық. Олар бірін — бірі тебеді. Неліктен? (әр аттас зарядтар бір — бірін тартады)

  1. «Қанағат» бағыты бойынша есептер шығару. 10 мин (2 балл)

Топқа «Ампер, Вольта, Ом, Джоуль-Ленц» суреттері беріледі. Суреттің артына жазылған есептерді студенттер орындайды.

Ток күші тобына — Ампер

  1. Электр шамының қыл сымы арқылы 10 минутта мөлшері 300 Кл электр өтеді деп алып, шамның ток күшін анықтаңдар.

  2. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В,кедергісі 2 Ом және 4 Ом. Ток күші неге тең?

Кедергі тобына — Ом

  1. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі өткізгіш арқылы ток өтеді. ток өткендегі өткізгіштің кедергісін анықтаңдар(275 Ом).

  2. Реостат қосылған тізбектегі ток күші 3,2А. Реостаттың клеммаларының арасындағы кернеу 14,4В. Реостаттың ток жүріп тұрған бөлігінің кедергісі қандай?(4,5 Ом)

Кернеу тобына — Вольта

  1. Электр тізбегі тізбектей қосылған 2 Ом және 4 Омдық кедергілерден тұрады. Тізбектегі ток күші 0,3А. Әр бір өткізгіштегі кернеуді табыңдар?

  2. Токтың жұмысы 500Дж, заряды 100Кл болса, өткізгіштің ұштарындағы кернеу неге тең?

ҮІ. Сергіту сәті (5 мин)

Сендер «Ағылшын тілі пәні мұғалімі» болғандықтан сергіту сәті өте қызықты болатын шығар.

Сендерге жұмбақтар жасырылады, сол жұмбақтың жауабынағылшын тіліне аударып айтуларың керек.

Жұмбақ шешу
1. Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,
Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават (Кернеу, voltage)
2. Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды,
Реленің күшімен бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор, accumulates)
3. Пайдаланады мен жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы,electric current )
4. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп – кішкентай, күн көзін. (шам, candle)
5. Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді (Үтік, iron )
6. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде,
Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан (Энергия, energy)

5. «Рахым» бағыты бойынша «Кластер» әдісін орындау. 10 мин (2 балл)

Ток күші тобына

Кернеу тобына

Кедергі тобына

Иондар электрондар аккумуляторлар, генераторлар, Күн батареясын

Кері байланыс (3 мин)

ҮІІІ. Бағалау. (2 мин)

Алма ағашындағы алмаларды санына байланысты бүгінгі сабағымызды бағалаймыз. Құттықтаймыз. Белсене қатынасқан студенттер бағаланады.

ІҮ. Үйге тапсырма беру. (1 мин)

«Электр тогының пайдасы мен зияны» тақырыбында эссе жазып келу.

Х. Қорытынды. (3 мин)

Оқытушы: Хаттың жауабы: «Аса құрметті достар! Мен сіздерге өте ризамын, сіздерді жеңістеріңізбен құттықтаймын! Сіздер бар күш жігерлеріңізді салып, аянбай еңбек еттіңіздер! Барлық ұпайларды қоржындарыңызға салып, жақсы баға алдыңдар. Сіздер іздеген сергектік сусыны БІР ЗАТТЫҢ артында тұр. Ол сусын – «алма шырыны»!

Оқытушы: Алма шырыны дендеріңе сау берсін деген тілекпен бүгінгі ашық сабағымызды аяқтаймыз.

Ш.Уалиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж

Физика пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы: Ток күші.

Электр қозғаушы күш.

Пән оқытушысы: Шакенова Жайна Хажмуханқызы

2019-2020 оқу жылы

Тұрақты электр тогы, ток күші. Электр қозғаушы күш. Өткізгіштің кедергісі. Ом заңы

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы, ток күші. Электр қозғаушы күш. Өткізгіштің кедергісі. Ом заңы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: тұрақты электр тогы, ток күші, Ом заңдары, электр қозғаушы күш, кедергі түсініктерімен таныстыру, олардың өлшем бірліктері туралы мағлұмат беру. Электрлік шамаларды өлшейтін құралдармен таныстыру.

2. Дамытушылық:

а) Әр түрлі тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын, ойлау, есте сақтау қабілетін арттыруға ықпал ету.

ә) Алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге үйрету.

б) Өз бетінше жұмыс істей білуге, қорытынды жасай білуге дағды қалыптастыру

3. Тәрбиелік:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың жабдықталуы: MS Power Point бағдарламасында жасалынған презентация, интерактивті тақта, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, реостат, кілт, ток көзі, шам.

Қолданылатын технология: ақпараттық — коммуникативтік технология, ойын технологиясы элементтері.

Оқыту әдістері: түсіндіру, демонстрациялық, жекелеген жұмыс, тәжірибе жүргізу.

Базалық құзыреттілік:

БҚ-1 —табиғаттағы және техникадағы әр түрлі құбылыстарды түсіндіргенде физиканың заңдарын қолдану;

— алған білімдерін физикалық есептерді шығаруға пайдалану;

— физикалық білімнің практикада қолдануына мысалдар келтіру;

БҚ 2 — эксперимент жүргізу;

Кәсіптік құзыреттілік:

КҚ-1 – дүниенің физикалық бейнесінің негіздерін білуге.

КҚ-2 – эксперименттердің теориялық талдауын жасауға құзыретті.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Кронгарт Б.А., Кем В.И.,Қойшыбаев Н., Физика Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану -математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық/. -Алматы, 2011

  2. Гладкова Р.А. Задачи и вопросы по физике. –М, 2011

  3. Рымкеевич А.П. Физика есептерінің жинағы. – Алматы, 2011

Сабақтың құрылымы:

Р\с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

I

Ұйымдастыру

2 мин

II

Сабақтың мақсатымен таныстыру

3 мин

III

Жаңа сабақты түсіндіру

40 мин

IV

Жаңа сабақты бекіту

35 мин

V

Үй тапсырмасын беру

2 мин

VI

Сабақтың қорытындысы

8 мин

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру. Дәрісхананың тазалығына, оқушылардың киіміне назар аудару. Журналды толтыру, оқушыларды түгендеу.

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • тұрақты электр тогы, ток күші, Ом заңдарымен, электр қозғаушы күш, кедергі түсініктерімен танысу, олардың өлшем бірліктері туралы мағлұмат алу. Электрлік шамаларды өлшейтін құралдармен танысу.

  • Жаңа тақырыпты бекітеміз. Алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу.

  • Сабақтың соңында белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

III. Жаңа сабақ түсіндіру.

Презентация арқылы ауызша жаңа сабақты түсіндіру, конспектімен жұмыс.

Жоспар:

    1. Тұрақты электр тогы. Ток күші.

    2. Электр қозғаушы күш.

    3. Өткізгіштің кедергісі. Асқын өткізгіштік. Өткізгіштің температураға тәуелділігі

    4. Ом заңдары

      1. Тұрақты электр тогы. Ток күші.

Электр тогы – зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.

Бағыты мен шамасы өзгермейтін электр тогын тұрақты электр тогы деп атайды. 

Электр тогының пайда болуының қажетті шарттары:

а) Еркін электр зарядын тасымалдаушылардың болуы.

б) Өткізгіште зарядталған денелерге белгілі бір күшпен әрекет ететін тұрақты электр өрісі болу керек.

в) Электр өрісін тудыратын құрылғы,ток көзі керек.

Токтың әсері:

а) жылулық

б) химиялық

в) магниттік

г) физиологиялық

Ток күші – өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерініңсол уақыт аралығына

қатынасына тең:

I=q/t [1A] (Ампер)

Ток күшін өлшейтін құрал – амперметр. Ол өткізгішке паралель жалганады.

Тәжірибе көрсету. Амперметр, электрлі шам вольтметр, жалғағыш сымдар, кілт, ток көзін пайдалана отырып тізбек құру. Кернеу мен ток күшінің мәндерін біле отырып, Ом заңы бойынша шамның кедергісін анықтау.

      1. Электр қозғаушы күш.

Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Оларды бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін e әрпімен белгіленетін электр қозғаушы (ЭҚК) күші ұғымын енгіземіз

[1В] (Вольт)

      1. Өткізгіштің кедергісі. Асқын өткізгіштік. Өткізгіштің температураға тәуелділігі.

Өткiзгiштiң тiзбектегi ток күшiн шектеу қасиетiн сипаттайтын

шама кедергi деп аталады.

R – кедергі [1 Ом] (Ом)

Өткiзгiштiң кедергiсi оның материалына және геометриялық өлшемдерiне тәуелдi. Ұзындығы l және көлденең қимасының ауданы S болатын өткiзгiштiң кедергiсi мынаған тең :

,

мұндағы ρ -өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, [Ом*м]

S – көлденең қимасының ауданы [м2]

l – өткізгіштің ұзындығы [м]

Асқын өткізгіштік – таза металдардың және кейбір қоспалардың абсолют нөлге жақын температурада кедергісінің кенет нөлге дейін төмендеуі.

Кедергінің температураға тәуелділігі

R0 – 00 C температурадағы кедергі

α — кедергінің температуралық коэффициенті

      1. Ом заңдары

Тізбектін бөлігі үшін Ом заңы:

Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындығы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал

I=U/R

U — кернеу [1В] (Вольт)

R — кедергі [1 Ом] (Ом)

Толық тізбек үшін Ом заңы.

Тұйық тiзбектегi ток күшi ток көзiнiң ЭҚК-нiң шамасына тура пропорционал және тiзбектiң сыртқы және iшкi кедергiлерінің қосындысымен анықтацлатын толық кедергісіне кері пропорционал.

ε — ЭҚК

r — iшкi кедергi

R – сыртқы кедергі

IV .Жаңа сабақты бекіту

  1. Ой қозғау (Сұрақтар бойынша кесте толтыру)

Физикалық шама

белгіленуі

Өлшем бірлігі

Ток күші

Кернеу

Кедергі

Меншікті кедергі

ЭҚК

Ішкі кедергі

Көлденең қимасының ауданы

Өткізгіштің ұзындығы

  1. Сәйкестікті тап

1

Толық тізбек үшін Ом заңы

1

I=U/R

2

кедергi анықтамасы

2

Аб

3

Токтың әсері

3

I=q/t

4

Тізбектін бөлігі үшін Ом заңы

4

Өткiзгiштiң тiзбектегi ток күшiн шектеу қасиетiн сипаттайтын

шама

5

Электр тогы

5

I=E/ R+r

6

Бөгде күштердің белгіленуі

6

жылулық, химиялық , магниттік, физиологиялық

7

Ток күшінің өрнегі

7

бағыты мен шамасы өзгермейтін электр тогын тұрақты электр тогы деп атайды

8

Тұрақты электр тогы

8

зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы

  1. Сөзжұмбақ шешу


1. Ток күшін өлшейтін құрал (амперметр)

2. Тұрақты ток көзі (аккумулятор)

3. Өткізгіштерде заряд тасымалдайтын элементар бөлшек (электрон)

  1. Есеп шығару

№1 Ұзындығы 10м, көлденең қимасы 0,1мм² мыс сымның кедергісін анықтаңдар(ρ=1,7*10-8 ом*м)

№2.ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең реостат қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар.

№3. Шамды ЭҚК-і 4.5 В-қа тең элементтер батареясына қосқанда вольтметр шамда кернеудің 4 В, ал амперметр ток күшінің 0, 25 А екендігін көрсеткен. Батареяның ішкі кедергісі қандай?

V. Үй тапсырмасын беру

      1. Б. Кронгарт «Физика 10 » §9.1-9.3 оқуға

      2. А. П. Рымкеевич «Физика есептер жинағы» №773

VI . Сабақтың қорытындысы

Оқушылардың білімдерін бағалау, сабақты қорытындылау

alexxlab

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *